Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 26 жастағы бизнесмен Наурызда үйленетін пәк қыз іздеп жүр

Қазақстандық бизнесмен қазақ қыздарына арналған хабарландыру жасады. Аталған хабарландыруында ол өзіне үйленуге қыз іздеп жүргенін жазған.

image

Фото: facebook.com/profile.php?id=100014979161314

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

26 жастағы қазақстандық бизнесмен өзіне қалыңдық іздеп жүр. Жәнібек Өмірәлиев бірнеше сағат бұрын Facebook желісіндегі топтардың бірінде жазбасын бөлісті. Аталған жазбасында жігіт өзіне қалыңдық іздеп жүргені туралы жазған. Ең басты шарт – қыздың пәк болуы.

“Қайырлы кеш, достар! Мен бүгін Facebook желісіне тіркелдім. Есімім – Жәнібек. Жасым 26-да. Алматы қаласында туып-өстім. Қазір Астана қаласында тұрамын. Жұмысым да сол жерде. Авто бөлшектер саласында жеке бизнесім бар. Мәскеудегі ЖОО-лардың бірінде экономика факультетін тәмамдадым. Біраз уақыт ұлттық компанияда жұмыс істедім. Жалығып кеткен соң, қазір өзімнің қол астымда жұмыс істеп жатырмын. Жалпы алғанда білім мен мансап мәселесінде барлығы жақсы. Ақша жеткілікті. “Солтүстік сәуле” тұрғын үй кешенінде жеке пәтерім бар. Былайынша барлығы жақсы, бірақ қалыңдық таба алмай жүргенім өкінішті. Ешуақытта қыздармен ренжіскен емеспін. Алайда әлі күнге дейін пәк қызды кездестірмедім. Ар-ұятын ері үшін сақтап жүрген қызды кездестірмедім.

Бүгінгі таңда пәк қазақ қызын табу қиын екен. Әке-шешем де қазақ. Олар менің тек қазақ әрі пәк қызға үйленгенімді қалайды. Біздің отбасымызда ар-ұят мәселесі бірінші орында тұрады. Мәскеуде оқып жүргенімде Шешенстан мен Дағыстанның жігіттері тек өз ұлтынан қыз алатынын, тек пәк қызға үйленетінін айтатын. Олардың сөздерін енді ғана түсініп жатқандаймын. Ол уақытта аса мән бермеген едім. Кавказда жігіттер қыздарын алдын ала гинеколог маманға тексертіп алады екен.

16174592_115096345666337_803434039901289080_n

Мен әртүрлі қыздармен кездестім. Олардың көбісі Алматы қаласынікі болды. Олардың ешқайсысы да пәк қыз болған емес. Медицина саласында қызмет етіп жүрген достарым қыздардың жасанды қыздық перде жасататынын айтып берді. Мұның қаншалықты тиімді екенін білмеймін. Көптеген қыздар мұны дұрыс әрекетке балайды. “Дұшпаныңды өлтіргің келсе, оның әйелімен төсектес бол” деген сөздер есіме түсіп отыр. Осы сөздер біздің елімізге қатысты айтылып тұрған сияқты.

Әрине, сіздер менің үстімнен күлулеріңіз мүмкін. Алайда бұл мен үшін үлкен проблема болып отыр. Мұндай келеңсіз жағдай отбасын құруға асығып жүрген кез келген азаматтың басында болып жатыр деп ойлаймын. Бәлкім кей жігіт қиналмайтын да шығар. Бір жерден балалардың анасы ең бірінші төсектес болған еркекке ұқсайтынын туралы оқып едім. Сол себепті бұрынғы қызыма үйленгім келмей қалды. Сөзіне сенсек, мен оның үшінші жігіті екенмін. Сол себепті желіде парақшамды ашып, осы туралы жазуды жөн көрдім. Бұл жазбаны хабарландыру деп атауға да болады.

Құрметті, қазақ қыздары! Араларыңызда 20-26 жас аралығындағы пәк қыздар болса, мен сіздермен кездесуге дайынмын. Үйленуді жоспарлап жүрмін. Құдайға шүкір, менде барлығы бар. Сізді толықтай асырай аламын. Бір ай бойы Дубайда қыдыртамын.

15940948_115031369006168_5138260771494991110_n

Маған сұлу, тәні сымбатты әрі мейірімді қазақ қызы керек. Пәк қыз болуы шарт. Жаман әдеттерінің болмағаны жөн. Жекеге жазыңыздар. Жазғандарыңызды ешкімге жария қылмаймын. Мен міндетті түрде барлығына жауап беремін. Бұл менің суреттерім. Өмірде дәл осындаймын. Мені жақын достарым, әріптестерім көретіні анық. Сынамауларыңызды сұраймын. Мен сендермен осы жағдай туралы бірнеше рет сөйлескен болатынмын. Бойы күш-қуат жинап, ақыры жазбамды жариялауды жөн көрдім. Бәлкім таныстарыңыздың арасында маған лайық қыз бар шығар. Бүгіннен бастап мен іздеу жұмыстарына кіріп жатырмын. Барлығына рахмет!” – дейді Жәнібек Өмірәлиев.

Аталған жазбадан кейін желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Әсіресе әйел қауымы бұл жігіттің пәк қызға лайық емес екенін айтып жатыр. “Пәк қыз олардың барлығын жатып тексеріп болған соң керек болып қалды ма? Ондай қызды өзің таза болып тұрған кезде іздеуің керек еді” деп жазады Нұрбану Қуанышбекова есімді желі қолданушысы. Арасында қазір пәк қыздардың расымен де азайып кеткенін тілге тиек еткен жігіттер де болды. Десе де, әзірге бизнесменге лайық қыз табылмады.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде оқушы қызды зорлаушыдан құтқарған автобус жүргізушісі марапатталды

Сал ауруынан айыққан 4-сынып оқушысының хаты жұрттың жүрегін елжіретті

Ойыншық унитаздағы чупа-чупс қазақстандықтың ашуын туғызды

Алматыда студент оқытушыны балағаттап, өміріне қауіп төндірген

Талқылау