Қазақстанда 22 ақпаннан бастап екі жол ақылы болады
Көлік министрлігі биыл 22 ақпаннан бастап Қазақстанда екі жол учаскесі ақылы болатын мәлімдеді. Бұдан кейін ақылы учаскелерде төлем бекеттері болмайды. Оның орнына ыңғайлы "ашық" төлем жүйесі қолданылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ТАСС
Ақылы учаскелерде төлем бекеттері болмайды. Оның орнына ыңғайлы "ашық" төлем жүйесі қолданылады. Шлагбаумдар мен өткізу пункттері қойылмағандықтан кептелістер болмайды, бұл қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сапар уақытын қысқартады. Жол жүру төлемі қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.
- "Қостанай - Ресей федерациясы шекарасы (Троицке)" автожолының 539-376 шақырым аралығы (М-36):
- Ұзындығы: 163 шақырым
- Техникалық санаты: ІІ және ІІІ
- Жолақ саны: екі бағытта 2 және 1 жолақ
- Жолақ ені: кемінде 3,5 метр
Балама жолдар: "Ресей федерациясы шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы" және "Қостанай – Рудный – Айет – Ресей фед шекарасы" жолдары
- “Ақтөбе – Ресей федерациясы шекарасы (Орынборға)” автожолының 17+000 – 99+692 км аралығы:
- Ұзындығы: 82 шақырым 692 метр
- Техникалық санаты: ІІ
- Жолақ саны: екі бағытта 1 жолақ
- Жолақ ені: кемінде 3,75 метр
- Балама жол: “Ақтөбе – Ресей федерациясы шекарасы” жолы
Пайдаланушылардың қолайлығы үшін төлем жасаудың 10-ға жуық әдісі бар: интернет-банкингтер, төлем терминалдары мен электрондық әмияндар, ұялы телефон балансынан, Е100 жанармай картасы арқылы, және заңды тұлғалармен келісім шарт жасау. Алдын-ала төлем әлдеқайда арзан болғандықтан, төлемақыны уақтылы жасауға кеңес беріледі.
- Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынборға) автожолының бір бағыттағы жол ақысы:
- 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері үшін: алдын ала төлем – 515 теңге, кейінгі төлем – 600 теңге;
- 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері үшін: алдын ала төлем – 1 040 теңге, кейінгі төлем – 1 220 теңге;
- 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін автопоездар үшін: алдын ала төлем – 1 545 теңге, кейінгі төлем – 1 820 теңге;
- Жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін: алдын ала төлем – 2 080 теңге, кейінгі төлем – 2 440 теңге;
- Жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары жүк автомобильдері, соның ішінде тіркемелері бар тартқыштар үшін: алдын ала төлем - 2 580 теңге, кейінгі төлем – 3 040 теңге.
- Қостанай – Ресей федерациясы шекарасы (Троицке) автожолының бір бағыттағы жол ақысы:
- 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері үшін: алдын ала төлем – 1 010 теңге, кейінгі төлем – 1 190 теңге;
- 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері үшін: алдын ала төлем – 2 055 теңге, кейінгі төлем – 2 415 теңге;
- 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін автопойыздар үшін: алдын ала төлем – 3 065 теңге, кейінгі төлем – 3 610 теңге;
- Жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін: алдын ала төлем – 4 100 теңге, кейінгі төлем – 4 825 теңге;
- Жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар үшін: алдын ала төлем – 5 120 теңге, кейінгі төлем – 6030 теңге.
Еске салайық, бұған дейін келесі жылы 26 қаңтардан бастап Қызылорда – Арал жолы ақылы болатынын жаздық. Қызылорда мен Аралды байланыстыратын жол автобустар мен жүк көліктері үшін ақылы болды. Атап айтқанда, оның 454 шақырымдық бөлігі ІІ техникалық категорияның нормативтік талаптарына сәйкес келеді. Жолда стационарлық төлем пунктері болмайды. Өйткені қазір "ашық" төлем жүйесі қолданылады. Өткізу ақысы қолма-қол ақшасыз төлем әдісімен жүзеге асады.