Қазақстанда 2026 жылы жаңа халықаралық әуе бағыттары ашылады

Фото: Pixabay.com
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев жаңа халықаралық әуе бағыттарын қалпына келтіру және ашу жоспарларын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министр үкімет отырысында 2026 жылы жаңа халықаралық әуе бағыттарын қалпына келтіру және ашу, сондай-ақ Вена, Токио, Рим, Абу-Даби, Эр-Рияд, Даммам, Ларнака, Амман, Шанхай, Қашқар, Варшава және басқа да бағыттарға ұшу жиілігін арттыру жоспары жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.
Сонымен қатар әуе транзитінің мүмкіндіктерін кеңейту үшін реактивті отын шығынын азайту шаралары жүзеге асырылып жатыр. Қазір Қазмұнайгаз-Аэро барлық әуежайға қол жеткізіп отыр.
Алматы әуежайында әріптесін пара алды деп ұстап берген қызметкердің өзі сотталды
“Қазақстан әуежайларына жүк тасымалдаушыларды тарту үшін біз Fedex (АҚШ), UPS (АҚШ), Cargolux (Люксембург), DHL (Германия) және Lufthansa Cargo (Германия) сияқты ірі халықаралық әуекомпанияларымен жұмыс істеп жатырмыз. Жалпы алғанда, салада оң үрдістер байқалады: жүк өңдеу артып келеді”, – деді Нұрлан Сауранбаев.
Оның айтуынша, өткен жылы 1 736 000 тонна жүк өңделді, бұл – аймақтағы ең жоғары көрсеткіш.
"Енді бұл жолға қайта түспеспін": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтып берді