Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2026 жылдан бастап кейбір медициналық қызметтердің тарифі көтерілмек

Қазақстанда 2026 жылдан бастап кейбір медициналық қызметтердің бағасы өспекФото: depositphotos.com

Денсаулық сақтау министрлігі 2026 жылдан бастап кейбір медициналық қызметтердің тарифін көтермек. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрлік тоғыз негізгі бағыт бойынша тарифтерді "айтарлықтай арттыруды" жоспарлап отыр.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) туралы заңға енгізілетін өзгерістер аясында бірқатар бағыт бойынша тарифтерді 90 млрд теңгеден астам сомаға арттыру көзделуде.

Тарифі көтерілетін бағыттар тізімі:

- жұқпалы аурулар;

- кардиология;

- неврология;

- нефрология;

- гастроэнтерология;

- травматология;

- эндокринология;

- абдоминалды хирургия.

"МӘМС жүйесіндегі қосымша қаражат басым бағыттар бойынша тарифтерді көтеруге, онкологиялық және онкогематологиялық қызметтерді, жедел жәрдем мен бастапқы медициналық-санитарлық көмекті қаржыландыруды арттыруға жұмсалады", – делінген министрлік хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар енді “жасанды интеллект - терапевтке” қарала алатыны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 22 Шілде, 2025 21:54
Талқылау