Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2019 жылдан бастап тіркелмеген смартфондар істен шығады

Қазақстанда 2019 жылдан бастап тіркеуге алынбаған смартфондар істен шығады. Ақпарат және коммуникациялар министрі тіркелмеген телефондардың бұғатталатынын айтып, ескерту жасады. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазақстанда 2019 жылдан бастап тіркелмеген смартфондар істен шығады

Телефоныңыздан айырылып қалғыңыз келмесе, оны биылғы жылдың соңына дейін тіркеп үлгеруіңіз керек.
Әзірге тіркеудің еліміздегі қай сайтта жүзеге асатыны белгісіз. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, смартфондарды тіркеу – ұрланған және контрафактілі жолмен келген телефондарды анықтау үшін қажет. Сол үшін жауаптылар бұл істі тезірек қолға алуды көздеп отыр.

Айта кететін жайт, базаға ұялы телефонның IMEI-коды, оның иесі жайлы мәлімет және сәйкестендіру нөмірі енгізіледі.

“Тұрғындар байланыс құрылғысын жылдың соңына дейін тіркеуі тиіс. Өйткені, келесі жылдан бастап, тіркелмеген телефондарға сим-карта салынғанымен жұмыс істемейтін болады. Яғни, смартфонды қолдану үшін базаға тіркелуге тура келеді”, – дейді Дәурен Абаев.

Тағы оқыңыз: 

Биыл 1 шілдеден бастап 14 мың отбасы жаңа жәрдемақы алады

eGov.kz порталында жұмыс іздеушілерге ұсыныстар көрсетіледі

Шымкентте жартылай жалаңаш бойжеткен көшенің дәл ортасында би биледі: Оны психиатриялық ауруханаға алып кетті (видео)

Араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ әйел жұмбақ жағдайда көз жұмған

Талқылау