Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 20 қазаннан бастап кейбір көліктерді әкелуге тыйым салынады

Фото: liquimoly.ru

Қазақстанда 2025 жылдың 20 қазанынан бастап жаңа ережелер күшіне енеді. Бұдан былай елге әкелуге рұқсат етілмейтін көлік түрлерінің тізімі өзгереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, бұл өзгерістер Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) 23 мамырдағы №45 шешіміне негізделген. Құжат "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентке енгізілген түзетулерді қамтиды.

Негізгі жаңалық “жекелеген көлік құралы” ұғымының өзгеруі. Енді Қазақстан азаматтары жеке пайдалану үшін тек белгілі бір санаттағы көліктерді ғана шетелден әкеле алады. 20 қазаннан бастап елге әкелуге рұқсат етілетін көлік түрлері:

•    жеңіл автомобильдер (медициналық мақсаттағы арнайы көліктерден басқа);
•    жолсызбен жүретін көліктер – квадроциклдер, сноубайктар, мотовездеходтар (жарыс көліктерін қоспағанда);
•    мотоциклдер, мопедтер және мотороллерлер;
•    жеңіл жүк көліктері мен шағын автобустар (жүргізушімен қоса 12 адамға дейін тасымалдауға арналған);
•    толық салмағы 5 тоннаға дейінгі жүк көліктері (радиоактивті материал тасымалдауға арналған көліктерден басқа).

Ал автобустарды, ауыр жүк көліктерін және арнайы техниканың кейбір түрлерін елге әкелуге қатаң тыйым салынады.

Сонымен қатар әр көлік құралының қауіпсіздік сертификатына ие болуға тиіс. Бұл құжатсыз:

•    көлікті кедендік рәсімдеуден өткізуге;
•    электронды техникалық паспорт алуға;
•    утилизациялық алымды төлеуге;
•    мемлекеттік тіркеуден өткізуге рұқсат берілмейді.


Қазақстан азаматтарына елге жүк көліктері мен автобустарды әкелуге тыйым салынды


Ақтөбелік зейнеткер ескі заттардан көлік құрастырып шығарды


Еске салайық, бұған дейін 2026 жылдан бастап жүргізушілер көлік нөміріндегі әріптер мен сандарды өздері таңдай алатынын жазған едік. Стандартты нөмірдің бағасы 12 110 теңге, 010, 070, 090 сияқты нөмірлер 246 525 теңге, 111, 222, 999 сияқты нөмірлер 592 525 теңгеден басталады. Ал VIP-нөмірлер (001, 007, 777 т.б.) 986 100 теңге болады. Кез келген комбинацияны (мысалы, 123AZA01) таңдауға болады, ол 43 250 теңге тұрады. Элиталық сериялар бұл санатқа кірмейді.

Айым Атамбаева
Сенбі, 04 Қазан, 2025 20:24
Талқылау