Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 18 миллионыншы тұрғын қашан дүниеге келеді

ҚР Ұлттық экономика министрлігі еліміздің 18 миллионыншы тұрғыны осы жылдың сәуір айында туады деп болжам жасаған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

24382

“Қазақстанның халық санағы ресми статистикасына сай халық саны әлі 18 миллионға жетпеді. 1 ақпандағы мәлімет бойынша 17 млн 945 мың. Сәуір айында 18 миллионыншы тұрғын өмірге келеді деп күтіледі”, – деді министрлік баспасөз қызметінің жетекшісі Самал Ибраева.

ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметінше, 2017 жылдың 1 ақпанында халық саны 17 945,3 мың адам болған. Олардың ішінде қалада – 10 305,7 мың (57,4 пайыз), ауылда – 7 639,6 мың адам (42,6 пайыз) тұрғын.

Бұл ретте ер адамдар 48,4 пайызды құраса, әйелдер 51,6 пайызды көрсеткен. 2016 жылдың 1 ақпанымен салыстырғанда халық саны 231,5 мың адам немесе 1,3 пайызға артқан.

Аталған ресми статистика миграциялық полиция ұсынған мәліметтер мен Некеге тіркеу мекемелерінің мәліметтері негізінде жасақталған. Министрлік демографиялық статистикаға негізделген әлемнің көптеген веб-сайттарында (Countrymeters, Worldometers, WorldClock) есептеу жеке алгоритм негізінде жүзеге асып, болжамды жылдар бойынша орта есеппен туу көрсеткіші назарға алынады.

Бұл ретте БҰҰ мәліметі бойынша Қазақстан халқының саны 18 007 мың адамға жетіп қойған. БҰҰ-ның бағалауы мен болжамы бүкіл әлем бойынша жүргізілген көптеген мамандандырылған сауалнамалар мен ұлттық санақтар бойынша жасалады.

Оқи отырыңыз:

Қарызынан құтылу үшін 22 жастағы жігіт бүйрегін сатылымға қойды

Астанада бүлінген «Қазақ елі» монументін жөндеуге әкімдік альпинистерді тартпақ

Тәртіп бұзған полицейлерді «масқаралап» жүрген белсенді қамауға алынды

Астанада салынып жатқан элиталық кешеннің төбесі опырылып түсті

Талқылау