Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 100 жасайтын адамдардың саны өскен

Ұлттық статистика бюросы бір жыл ішінде елімізде ұзақ жасағандардың саны 40% өскенін мәлімдеді. 2024 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша Қазақстанда 100 және одан жоғары жастағы 702 адам болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Мұндай көрсеткіш елімізде үнемі өспейді. Мәселен, 2022 жылдың басында ол 2 720-дан 315 адамға дейін бірден тоғыз есе қысқарған. Дегенмен осымен екінші жыл қатарынан динамика оң болып келеді.

Жүз жасағандар арасында ерлерге қарағанда әйелдер басым. Мәселен, ерлер саны 135 болса, әйелдер саны – 567. Бұл ұзақ жасағандардың көбі ауылға (223 адам) қарағанда қалада тұрады екен (479 адам).

100 жастан асқан адамдардың көбі халықтың қартаю индексі дәстүрлі түрде ең жоғары болатын солтүстік және шығыс аймақтарда тұрады. Дегенмен Қостанай облысы үшінші орында (56 адам). Алайда ең жоғары көрсеткіштер халық ең көп қоныстанған аймақтарда. Атап айтқанда, Алматы (162 адам) және Түркістан облысы (75 адам).



Айта кетейік, әлемдік стандарттар бойынша тұтастай алғанда қазақстандықтар өте жас. 2024 жылғы 1 қаңтарда халқымыздың орташа жасы 32,3 жас болды. Тек кейінгі бес жылда 0,5 жыл қосып, біртіндеп өсіп келеді. Сонымен қатар еңбекке қабілетті жастағы халықтың үлесі де артып келеді. Егер 2019 жылдың басында ол 7,5% (1,38 млн адам) болса, 2024 жылдың басында-8,8%-ге (1,77 млн адам) тең келді. 

Талқылау