АҚШ-та күшті дауылдан соң өлімге әкелетін бактерия тарап жатыр: Сегіз адам көз жұмды
АҚШ-та “Хелен” дауылынан соң су басқан аймақтарда өлімге әкелетін улы бактериялар тарап жатыр. Флорида штатында жағалаудағы бес қалада инфекцияның 64 жағдайы анықталып, сегіз адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Көшелер мен су басқан үйлерде өлімге әкелетін Vibrio vulnificus бактериясы табылды. Ол адам ағзасына ашық жаралар арқылы еніп, некротикалық фасциит тудырады. Басқаша айтқанда, жұмсақ тіндер тез бұзылады.
Мамандардың айтуынша, оның симптомдары улануға ұқсас: жүрек айну, құсу және диарея болады. Биыл жергілікті билік бактерияларды жұқтырғандар санының алты есе артқанын хабарлады. Дәрігерлер бұл өсімді миға қонымсыз деп санайды.
Еске салсақ АҚШ-та қыркүйек айының соңында 19 жылдағы ең жойқын "Хелен" дауылы соғып, 227 адам құрбан болғанын хабарлаған едік.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”