Қазақстанда 10 жастағы баланың басынан бес жыл бұрын кіріп кеткен бұтақтың бір бөлігі алынды

Қазақстанда баланың басынан бес жыл бұрын кіріп кеткен бұтақтың бір бөлігі алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Таңғаларлық жайт туралы Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері мәлімдеді.
2015 жылы туған бала осыдан бес жыл бұрын бұтаққа құлап, жарақат алған. Ол кезде жара жуылып, орны тігілген. Алайда жара бір жыл бойы қабынып, ақырында дәрігерлер баланың басында бөгде зат барын анықтап, оны алып тастау үшін балаға ота жасауға мәжбүр болған.
Дәрігерлердің айтуынша, соңғы 2–3 айда жараның орны қайтадан баланы мазалай бастаған.
Тексеру барысында кальцийленген тығыз түзіліс анықталды. Компьютерлік томография кезінде баланың басында бөгде зат бары белгілі болды. Дәрігерлер ота жасап, бұтақтың бір бөлігін толықтай алып тастады.
Қазір баланың жағдайы жақсы, ауруханадан шығуға дайындалып жатқан көрінеді.
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді
Одан бөлек Перизаттан тәркіленген Mercedes-Benz EQE 500 4Matic көлігі бар. Алайда ол әзірге аукционға қойылмады