Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 1 сәуірден бастап зейнетақы төлемдерін жаңаша әдіспен есептейді

2021 жылдың 1 сәуірінен бастап БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемді есептеу әдістемесі өзгереді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ЕНПФ

"БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысының (Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру Әдістемесіне 2-қосымша) ережелеріне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% кем емес мөлшерде жүзеге асырылады. (Бұрын БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% кем емес мөлшерде жүзеге асырылған болатын).

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру Әдістемесіне сәйкес 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептелетін болады – 6,5 %.

Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне жыл сайын арттыру жолымен қайта есептелетін болады – 5%", - деді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметінде.

Мысал:

ЗЖ сомасы = 6 000 0000 теңге

Бірінші жылдағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы: 6 000 000*6,5%=390 000 теңге;

Бірінші жылдағы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері: 390 000/12 ай =32 500 теңге;

Екінші жылға арналған ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері: 32 500+ 32 500*5%=34 125 теңге.

Бұдан басқа, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесінде белгілі бір санаттарға жататын, яғни мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 немесе 2-топтағы мүгедектігі бар, сондай-ақ, жинақтары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен кемінде алпыс ай жинақталатын зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген алушылар үшін түзетілетін арттыру коэффициенттері көзделген. Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген шарттардың біреуін ғана емес, одан да көбін қанағаттандыратын тұлғалар үшін ең үлкен мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.

Айта кету керек, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асырудың аталған әдістемесі 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

"БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін іске асырған адамдарға зейнетақы төлемінің жыл сайынғы мөлшері ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен кем болмайды (2021 жылы 30 х 43 272= 1 298 160 теңге). Төлемдер бұрын таңдалған кесте бойынша жүзеге асырылады.

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асырудың жаңа Әдістемесіне сәйкес, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 31 наурызға (қоса алғанда) дейін іске асырған адамдарға 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайынғы зейнетақы төлемдері 5% мөлшеріндегі зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне ұлғайтылатын болады, ол кейіннен жыл сайын индекстеліп отырады.

Осылайша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асырудың жаңа әдістемесі алушылардың еңбек жағдайлары мен денсаулығының ерекшеліктерін ескереді, сондай-ақ, БЖЗҚ-дан берілетін жыл сайынғы төлемдер мөлшерін ұлғайтуға ықпал етеді", - делінген ведомство хабарламасында.

Талқылау