Қазақстанда 1 ақпаннан бастап автогаз бағасы көтеріледі
Қазақстанда 1 ақпаннан бастап автогаз бағасы көтеріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Энергетика министрлігі тауар биржаларынан тыс сатылатын сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын көтеру туралы бұйрық жобасын талқылауға шығарды.
Астана мен Алматыда баға литріне сәйкесінше 84 ($0,16) және 89 ($0,17) теңгеден 102 ($0,19) теңгеге дейін өседі.
Қазақстанда 10 жылдан кейін бензин жетіспеушілігін болдырмау үшін жаңа қуатты зауыт салу ұсынылды
Шымкентте – литрі 70 ($0,13) теңгеден 90 ($0,17) теңгеге дейін көтеріледі.
Басқа өңірлер литріне 6 теңгеден 20 теңгеге дейін өседі деп күтуде.
Еске салсақ, бұған дейін энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев бензин бағасы көтерілетінін растап, оның себептерін атаған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген