Қазақстан ұлттық құрамасы Фарер аралдарына қарсы жолдастық матчта 1:0 есебімен жеңілді

Қазақстан ұлттық құрамасы Хорватияда өткен Фарер аралдарына қарсы жолдастық ойында 1:0 есебімен жеңілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бірінші таймның 24-минутында қарсыластар Бекхан Шайзада тұрған қақпадан саңылау тауып, есеп ашты.
Екінші таймда қазақстандық футболшылар білек-сыбана кіріссе де, Фарер аралдарының қорғанысын бұза алмады.
Нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрама командасы 2025 жылдың соңғы матчында ұтылды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында Бельгия құрамасымен кездесіп, 1:1 есебімен тең ойнаған. Осы нәтижеден кейін Қазақстан 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде J тобында төртінші орынға шықты.
Талғат Байсуфинов шәкірттері Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңсе, Солтүстік Македониямен тең ойын өткізген.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

