Қазақстан vs Өзбекстан: Бокстан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жегінде отандасымыз жеңіліс тапты
Фото: KBF media
Бейбарыс Әшірбай Бангкокте өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында күміс медаль иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алғаш рет World Boxing халықаралық федерациясының ұйымдастыруымен өткелі отырған бұл құрлықтық дода U-19 және U-22 жас санаттарында өткізілуде. Жарыс Азия спорты тарихында маңызды орын алуда.
U-19 санатындағы 70 келіге дейінгі салмақта өткен финалда Бейбарыс Әшірбай өзбекстандық Абдулазиз Джурақұловпен жұдырықтасты. Қатаң тартысқа толы жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің бөлек шешімімен жеңіс Джурақұловқа берілді. Нәтижесінде, ол алтын медаль иегері атанса, Әшірбай күміс жүлдеге қол жеткізді.
Осылайша World Boxing ұйымдастырып жатқан Азия чемпионатында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы финалдық жекпе-жекте отандастарымыз жеңіліспен бастады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

