Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстан темір жолында" ресми жұмыс істейтін "өлі жандар" директордың үйін салған

“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының филиалдарының бірінде директор компанияның заңды қызметкерлерін жер үйдің құрылыс жұмыстарына жұмсаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: “Қазақстан темір жолы”

Ішкі тексеріс барысында ҚТЖ бөлімшелерінің бірі "Автоматтандыру және цифрландыру басқармасында" жалған жұмысқа орналасу фактілері анықталды.

Ұлттық компанияның ресми қызметкерлері филиал директорының үйін салып, құрылыс жұмыстарын істеп жүрген. 

“Материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылды. Сотқа дейінгі тергеуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі де қосылды. Тергеу барысында олардың компанияға 21 миллион теңге залал келтіргені дәлелденді”, – делінген хабарламада.



“Қазақстан темір жолы” компаниясы жәбірленуші тарап болып танылды.

“Филиал басшысының тапсырмасымен үй құрылысына ресми түрде жұмыспен қамтылған азаматтар қатысқаны анықталды. ҚТЖ зардап шеккен тарап ретінде танылды. Қазір іс материалдары Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралып жатыр”, – деп мәлімдеді “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы.

Бұған дейін Қазақстанда мереке күндері қосымша пойыздар қатынайтыны туралы жазған едік. 

Талқылау