Елдос Сметов:“Қазақстан тарихындағы тұңғыш 2 дүркін Олимпиада чемпионы болғым келеді”
Фото:IJF
Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов алдағы мақсат, жоспарлары туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Даңқты спортшының ендігі межесі – Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарында топ жару.
“Қазіргі мақсатым – екі дүркін олимпиада чемпионы болу. Мен үш Олимпиадаға қатысып, барлық медаль түрін жеңіп алдым. Бірақ Қазақстан тарихында екі рет Олимпиадада жеңіске жеткен спортшы болған емес. Мен тарих жасағым келеді”, – деді Елдос Сметов.
Айта кетейік, Елдос Сметов 2024 жылы Париж Олимпадасының ақтық сынында жергілікті балуан Луке Мхеидзені Франция Президенті Макронның алдында тізе бүктірген еді.
Осылайша ол Орта Азиядан шыққан дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.
Елдос Сметов жоқ: Париждегі “Гранд-Слэм” турниріне қатысатын дзюдошылар белгілі болды
Елдос Сметов қашан татамиге оралатыны белгілі болды
Елдос Сметов өзі қатысқан үш Олимпиада олжалы қайтты. Оның қоржынында Олимпиада ойындарының толық жүлде қоры бар.
Алайда Сметов осы Париждегі төрткүл дүние көз тіккен додада топ жарғаннан бері әлі бірде-бір жарыстарға қатысқан жоқ.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді

