Қазақстан тарихи Азия чемпионатында алғашқы алтын медаль иеленді
Фото: KBF media
Құралай Егiнбайқызы Бангкокте өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстанға алғашқы алтын медаль әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тайландтың Бангкок қаласында алғаш рет World Boxing халықаралық федерациясы ұйымдастырған жастар арасындағы Азия чемпионаты (U-19 және U-22) өтіп жатыр. Бұл турнир құрлық үшін тарихи, ал Қазақстан құрамасы үшін табысты болды.
Қазақстандық спортшы Құралай Егiнбайқызы ел қоржынына жарыстың алғашқы алтын жүлдесін салды. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда ол үндістандық Критика Васанмен кездесіп, төрешілердің бөлек шешімімен 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Тағы бір қазақстандық, 2024 жылғы Азия чемпионы Аяжан Ермек (57 келіге дейін), финалда үндістандық Мускан Шриваставаға есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.
Жалпы, Қазақстан жастар құрамасының сапында (U-19) жеті боксшы алтын медаль үшін күресті жалғастырып жатыр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

