Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
Қазақстан мен Марокко өзара визасыз режим енгізеді. Тиісті үкімет қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Қазақстан мен Марокко үкіметтері арасында визасыз режим енгізу туралы келісімге 2024 жылдың қыркүйегінде қол қойылған. Сыртқы істер министрлігі қажет құжаттаманы әзірлеуге кірісті.
"Сыртқы істер министрлігі "Қазақстан үкіметі мен Марокко Корольдігінің үкіметі арасындағы Қазақстан азаматтарын визалық талаптардан босату туралы келісімді бекіту туралы" қаулы жобасын әзірлеуге кірісті", – делінген хабарламада.
Елдер арасында визасыз режим енгізу туралы шешім екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында қабылданды. Ол ұлттық азаматтық төлқұжаттары бар Қазақстан азаматтары мен Марокко Корольдігі азаматтарының тиісті елдерге тек туристік мақсатта кіруін жеңілдетеді.
Келісім бойынша олар келген күннен бастап 180 күндік кезеңде 30 күннен аспауға тиіс делінген. Сонымен қатар әр ел азаматтарының төлқұжаттары жарамды мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 ай жарамды болуы керек.
Айта кетейік, қазақстандықтар мен марокколықтар елге рұқсат етілген мерзімнен ұзағырақ іскерлік мақсатпен, жұмысқа орналасу немесе оқу үшін келуге ниет білдірген жағдайда әлі де виза қажет.
Қазақстан үкіметінің қаулысының жобасында ол қол қойылған күннен бастап күшіне енетіні айтылған. Құжат Ашық НҚА порталында 10 қаңтарға дейін талқыланады.