Қазақстан соты өз елінде өлім жазасы күтіп тұрған ауғанстандық қызға босқын мәртебесін бермей қойды
Алматы соты Қазақстанда жүрген елінен қоқан-лоқы көрген Ауғанстан азаматына босқын мәртебесін беруден бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ауғанстандық қыз өз еліне қайта алмай, Қазақстаннан босқын мәртебесін беруді сұраған еді. Алайда сот қызды босқын деп тануға негіз жоқ деп шешті.
"Сот апелляциялық шағымды қанағаттандырудан бас тартып, қанағаттандырмады. Неліктен бас тартты, қандай себеп екеніне сот түсініктеме бермеді. Біз бір айда Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсіреміз", – деді қазақстандық халықаралық адам құқықтары бюросының (ҚИБХБ) адвокаты Гүлмира Қуатбекова.
Ауған қызына бұған дейін де сот босқын мәртебесін беруден бас тартқан. Сол үшін ол апелляциялық шағым түсірді. Бірақ мұнда да шешім өзгеріссіз қалды.
Өткен жылдың желтоқсанында ауған қызға босқын мәртебесі берілмеді. Енді ол Ауғанстанға оралуға қорқады. Ол өміріне қауіп төнгендіктен, журналистерден жеке мәліметтерін жарияламауды сұрайды.
Құқық қорғаушылар оныі еліндегі жағдайға байланысты босқын деп тану гуманитарлық көмек деп санайды.
Бойжеткеннің айтуынша, тәліптер билікті басып алғаннан кейін ол елден кетуге мәжбүр болған. 2023 жылы Ауғанстан билігі қыздың отбасына оған "ең ауыр жазаны" қолдану туралы шешім қабылдағаны туралы хат жолдаған. Бұған оның шетелдік ұйымдағы бұрынғы жұмысы себеп болған.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, қыз бұған дейін батыстық үкіметтік емес ұйымдарда болған, қыздар мектебінде сабақ берген, Ауғанстандағы әйелдер құқығын қорғаған, Ауғанстандағы адам құқығының бұзылуы туралы шетелдік журналистерге сұхбат берген.
Бұған дейін ол Қазақстанда университетте оқыды, бірақ оқу ақысын төлей алмағандықтан, оқуын тастауға мәжбүр болды.
Қазақстанда Талибан ендігәрі лаңкестік топ деп санамайды. Бірақ көптеген елдер тәліптерді террористер тізімінен шығарған жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін өлім жазасы күтіп тұрған ауғанстандық 23 жастағы аруға Қазақстан босқын мәртебесін беруден бас тартқанын жазған едік.