Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді
Қазақстан жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

9 ақпан бейсенбіде премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында Сирияға көмек беру туралы шешім қабылданды.
"Мемлекеттік материалдық резервтен консервілер, жылы киім, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бөлінеді. Ол Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына төрт әуе рейсімен жіберіледі", – делінген хабарламада.
Үкімет басшысының баспасөз қызметі Сирияға гуманитарлық көмек көрсету туралы тапсырманы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бергенін атап өтті.
Осыған дейін Сирияға гуманитарлық көмек берілетіні хабарланды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"