Қазақстан саперлері полигондарды жарылмаған оқ-дәріден тазалауға кірісті
Полигондарды тазалау жылына екі рет жүргізіледі, ал ерекше көзге түскен әскерилер мадақталады. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери қызметші саперлары жарылмаған оқ-дәрілерден полигондарды тазартуға кірісті.
Бұл туралы Stan.kz Қазақстанның қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жұмыстарға 500-ге жуық әскери қызметші, өтімділігі жоғары 40-тан астам техника тартылды. Құрлық әскерлерінің әскери қызметші саперлері 400 гектар ауданды алып жатқан 30-дан аса полигонды тазартты. Полигондардың жаппай жоспарлы тазартылуы жылына екі рет өткізіледі.
Негізгі міндет жеке құраммен оқу сабақтарын өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жарылмаған снарядтар мен оқ-дәрілерді (қопару тәсілімен) жоюға негізделген. Әскери қызметші саперлер арнайы жеке қорғаныс құралдары, броньды кеудешелер, сапердің арнайы қорғаныс костюмдерімен қамтамасыз етілген. 0,6 метр дейінгі тереңдікте қауіпті жарылғыш заттарды анықтау бойынша мина іздегіштерді іздестіру және барлаудың жаңа құралдарымен жабдықталған.
“ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері инженерлік-саперлік бөлімшелерінің әскери қызметшілері – бейбіт уақытта өздерінің өміріне қауіп төндіре отырып, қауіпті жарылғыш заттарды залалсыздандыру бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындайтындардың бірі болып табылады. Оқу полигондарының тазартылуы аяқталысымен, Құрлық әскерлерінің Арнайы әскерлер бастығының төрағалық етуімен комиссия тиісті қорытынды шығарады. Одан басқа, ерекше көзге түскен бөлімшелер мен әскери қызметшілер ҚР ҚК ҚӘ бас қолбасшысының бұйрығымен мадақталатын болады”, — деп ҚР ҚК ҚӘ инженерлік әскерлер бастығы полковник Нұрлан Шаймахов атап өтті.
Жіберіп алмаңыз:
“Балгерлер шайқасы” байқауының жеңімпазы ұрланған көлікті тізгіндеген жерінен ұсталды
Алматы облысында ата-анасы бас тартқан нәрестені асырап алу жеңілдеді
Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Алматыда бар тазалықшысы қонақтардың бірі ұмытып кеткен 5 млн теңгені қайтарды