Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан сән апталығының қай күндері өтетіні белгілі болды

Сәуірдің 12-сі күні Kazakhstan Fashion Week сән апталығының қай күндері болатыны белгіленіп, ашылу салтанаты өтті.

GV6XpOiWQnc

Фото: KFW

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Биыл он сегізінші рет ұйымдастырылып отырған Қазақстан сән апталығында отандық сәнгерлерден бөлек, шетелдік қонақтар өз топтамасымен таныстырады. Сәуірдің 19-21 күндері өтетін шараға Грузия, Ресей, Өзбекстан, Украина, Қазақстан мемлекеттерінің сәнгерлері атсалысады.

Қазақстандық сәнгерлер Ольга Ким мен Ирина Байжанова бірігіп “Носи мое” атты ортақ топтама әзірлеген. Сәнгерлердің дуэті ақ түстен құралған. “Носи мое” топтамасының музасы – Ирина Байжанова. Ол талғаммен киінетін адам. Бұл жолы екеуіміздің таңдауымыз бірдей ақ түске түсті. Топтамамыз түрлі көйлек пен жейдеден тұрады”, – дейді сәнгер Ольга Ким.

Kazakhstan Fashion Week – әлемдік деңгейдегі маркалар мен жергілікті брендтердің маусымдық топтамасын таныстыратын Орталық Азиядағы платформа. 18 жыл бойы Қазақстан сән апталығында отандық сәнгерлерден бөлек, Ұлыбритания, Германия, Грузия, Голландия, Италия, Иран, Қытай, Қырғыз, Ливан, Польша, Ресей, Румын, АҚШ, Тунис, Өзбекстан, Украина, Франция мемлекеттері сәнгерлерінің топтамалары көрсетілді. Аталған шара барысында қазақстандықтар Осман Юсифзаде, Айрис Ван Херпен, Ахмед Талфит, Гаспар Юркевич сынды танымал адамдардың шығармашылығымен танысты. Еліміздегі танымал сәнгерлер өзінің алғашқы қадамын Қазақстан сән апталығы көрсетілімдерінен бастаған болатын. Мұнымен қатар, жыл сайын “Open Way” атты жас сәнгерлер байқауы өткізіледі.

Биыл 19 сәуірде сағат 17:00-де Lariya, Mirel Marat, SG Snezhana, Gorobets, Tamara Lamanukaeva, 19:30-да Nosi Moyo&Anthena, Alex Chzhen, SS6, Tiko Nebieridze; 20 сәуір күні сағат 17:00-де Abzal, by Sipa, Banoome, Damilya Zhumabek. 19-30-да Yerlan Zholdasbek, Studio.K, Salle de Mode, Samidel, Anastasia Kovall; 21 сәуір күні сағат 17:00-де Jarkyn Baimakhanov, Karakoz Nur, GK, 19:30-да Aida Kaumenova, Poalen, Chaude.kz топтамалары көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетсек, Балнұр Асанованың киім үлгілері сән апталығына келгендерді таңырқатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау