Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Ресейден SSJ100 ұшағын сатып алу үшін шарт қойды

Қазақстан билігі ресейлік Sukhoi SuperJet 100 ұшақтарын сатып алу туралы келісім жасауға дайын. Алайда Мәскеуге шарт қойды.

Қазақстан Ресейден SSJ100 ұшағын сатып алу үшін шарт қойды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Интерфакс» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Агенттік мәліметінше, SSJ100 ұшақтарын шығарушы «Сухойдың азаматтық ұшақтары» Қазақстандағы SCAT әуе компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Мемлекеттің авиациялық билігі келісімге рұқсат беруге дайын. Алайда Еуразиялық экономикалық одақ аумағына орташа және ұзақ магистральді Airbus және Boeing ұшақтарын баж салығынсыз әкелуге берілген рұқсатты әрі қарай ұзарту туралы шарт қойып отыр. Аталған құжат 2032 жылға дейін күшінде.

Талқылау