Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Ресейде өтетін ҰҚШҰ-ның әскери жаттығуларына қатыспақ

Қазақстан Ресейде өтетін ҰҚШҰ-ның әскери жаттығуларына қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰҚШҰ

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының мәліметінше, жаттығулар 12-16 тамыз аралығында өтеді. Жаттығулар Ресейдің Новосибирск облысындағы "Горный" полигонында өтеді. Әскеру жаттығулларға ұйымға мүше елдердердің мемлекеттік органдарының бірнеше бөлімшелері қатысады:

  • ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы жасақтары;
  • Ұлттық гвардиялардың ішкі әскерлері;
  • арнайы және есірткіге қарсы қызметтер;
  • авариялық-құтқару және өртке қарсы құрылымдар.

Армения ҰҚШҰ-ға қарамастан НАТО-мен ынтымақтастығын нығайтуда


"Оқу жаттығуларды орындау барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің арнайы жасақтары ұрысқа барынша жақын жағдайларда өзара іс-қимылдарын пысықтайды, бандалар мен лаңкестік топтарды залалсыздандыру, есірткі контрабандасының арналарына тосқауыл қою бойынша арнайы операцияға қатысу тәжірибесі мен дағдыларын жинақтайды", – делінген ұйым хабарламасында.

Жаттығулар бірнеше кезең бойынша өтеді деп жоспарланған. Жаттығу "Кобальт-2024" деп аталады. Оқу-жаттығударға ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысады.

Еске салсақ, бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян Арменияның ҰҚШҰ-дан шығатынын мәлімдеген еді.

Талқылау