Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлау қорына қанша қаржы түсті және бұл ақша қайда жұмсалады

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттар қорының қаржысы мен шығындары жайлы ақпаратты жариялады. Мәліметке сәйкес, кандидаттар арасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау қорына ең қаржы түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кандидат

Ақпарат "Қазақстан Халық Жинақ банкі" АҚ мәліметі негізінде дайындалған. Президенттікке үміткер 6 кандидаттың ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау қорына ең көп қаржы (1 619 99 740 теңге) түскен. Оның 720 миллион теңгесі өз қаражаты болса, 899,9 миллионы азаматтар мен ұйымдар бөлген қаржы. Ал Жигули Дайрабаевтың қорында 404 276 200 теңге бар. Оның 284 миллион теңгесі өз қаржысы, қалған 120 276 200 теңгені азаматтар мен ұйымдар бөлген.

Қарақат Әбденнің сайлау қорына 187 794 000 теңге түскен. Мұнда өз қаржысы жоқ, барлығы Қазақстан азаматтары мен ұйымдары есебінен түзілген. Нұрлан Әуесбаевтың қорында 109 921 000 теңге бар және қаржыны толығымен азаматтар мен ұйымдар өз еркімен берген бөлген. Салтанат Тұрсынбекованың қорында 47 680 000 теңге бар. Оның ішінде 23,45 миллионы өз қаржысы болса, 24,23 миллион теңгені ұйымдар мен ел азаматтары берген. 

Сайлау қорындағы қаржының жұмсалуы

кесте

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау қорындағы қаржының 923 198 960 теңгесін үгіт-насихат жұмыстары кезінде жұмсау көзделіп отыр. Қаржы негізгі 6 бағыт бойынша жұмсалады. Соның ішінде кез келген тіркелген БАҚ беттерінде сөз сөйлеу үшін 227 947 920 теңге бөлінген. Ал сайлауалды шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін 21 807 450 теңге жұмсалмақ.

Үгіт-насихат материалдарын басып шығару және өзге де аудиовизуалды материалдар дайындау үшін 346 668 140 теңге қарастырылған. Үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру кезінде заңды және жеке тұлғалардың қызмет ақысын төлеуге 140 484 520 теңге бөлінген. 

Көлік және іс-сапар шығындарын өтеу үшін 20 285 940 теңге қарастырылса, тегін таратылатын баспа материалдары мен өзге де белгілерді дайындау үшін 166 004 990 теңге бөлініпті. 

Жигули Дайрабаев 

Үгіт-насихат кезіндегі шығындар бойынша Жигули Дайрабаев екінші орынға жайғасты. Сайлауалды науқанға қордан 159 699 889 теңге бөлінген. Шығынның ең көп бөлігі (92 830 090 теңге) үгіт-насихат материалдарын басып шығару мен таратуға бағытталған. 73 734 510 теңге сайлауалды шараларды ұйымдастыру және сөз сөйлеуге бөлінген. Көлік пен іс-сапар шығын өтеуге 3 027 245 теңге бөлінсе, үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырған заңды және жеке тұлғалар қызметін төлеуге 108 044 теңге жұмсалады.

Ал БАҚ беттерінде сөз сөйлеуге және тегін таратылатын материалдар мен белгілерді дайындауға қаражат бөлінбеген. 

кесте

Қарақат Әбден 

Қарақат Әбденнің сайлау қорынан 140 966 200 теңге үгіт-насихат жұмыстары кезінде жұмсалады. Оның ішінде 57 389 500 теңге үгіт-насихат материалдарын басып шығарып, таратуға бағытталады. Тағы 43 400 000 теңге тегін таратылатын баспа материалдары мен белгілерді дайындау үшін бөлінген. 34 949 133 теңге үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін заңды және жеке тұлғаларға төленеді. 

Іс-сапар мен көлік шығынын өтеуге 5 227 567 теңге жұмсалады. Ал БАҚ беттерінде сөз сөйлеуге және сайлауалды шараларды өткізу үшін қаражат бөлінбеген. 

Нұрлан Әуесбаев

Нұрлан Әуесбаевтың сайлау қорынан түрлі шығындар үшін 68 841 248,5 теңге бөлініпті. Қаржының басым бөлігі – 45 135 848,5 теңге үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін заңды және жеке тұлғаларға төленеді. Ал тегін үлестірілетін белгілер мен баспа материалдарын әзірлеуге 15 миллион теңге жұмсалады. 8 585 400 теңге үгіт-насихат материалдарын басып шығаруға жұмсалады. Іс-сапар мен көлік шығынын өтеу үшін бар болғаны 120 мың теңге бөлінген. 

БАҚ беттерінде сөз сөйлеуге және сайлауалды шараларды өткізу үшін қаражат бөлінбеген. 

Мейрам Қажыкен

Мейрам Қажыкеннің сайлау қорынан 45 978 881 теңге түрлі шығындарды өтеу үшін бөлінген. Оның 35 495 906 теңгесі үгіт-насихат материалдарын басып шығару мен дайындау үшін жұмсалады. Сайлауалды шараларды ұйымдастыруға және өткізуге 3,9 миллион бөлінсе, тегін үлестірілетін материалдар мен белгілерді әзірлеуге 3 миллион теңге бөлінген. 

БАҚ беттерінде сөз сөйлеуге 3 641 200 теңге жұмсалады. Үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін жеке және заңды тұлғаларға 260 088 теңге төленеді. Көлік пен іс-сапар шығындарын өтеуге 681 687 теңге бөлінген. 

Салтанат Тұрсынбекова

Сайлауалды шығындар үшін Салтанат Тұрсынбекованың сайлау қорынан 36 658 578 теңге бөлінген. Кандидаттың БАҚ алдына сөйлеуіне, көпшілік алдындағы сайлауалды шараларды ұйымдастыруға және үгіт-насихат материалдарын әзірлеуге қаржы мүлде бөлінбеген. Дегенмен үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін жеке және заңды тұлғаларға 33 916 680 теңге қарастырылған.

Тегін үлестірілетін материалдарды дайынау үшін 2 601 000 теңге, іс-сапар мен көлік шығынына 140 898 теңге жұмсалады.

Талқылау