Қазақстан президенті рақымшылық туралы заңға қол қойды
Рақымшылық Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына орай жарияланды.
Нұрсұлтан Назарбаев рақымшылық жасау мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған мейірімділік ықтиярлығы болып саналатындығын атап өтті, деп хабарлайды Ақорда.
“Біздің отандастарымызға арналған мейірімділік, үміт пен кешірім акты қоғамды жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл рақымшылық әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарды — кәмелетке толмағандарды, жүкті әйелдер мен балалары бар әйелдерді, мүгедектерді, қарт кісілерді қамтиды”, — деді Қазақстан президенті.
Мемлекет басшысы атап өткендей, Тәуелсіздік жылдарында елімізде сегіз рет рақымшылық жарияланған. Бұдан бұрын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламентке “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық туралы” заң жобасын енгізген.
Бұған дейін Назарбаевтың жеңіл қылмыс жасағандарға амнистия беріп жазадан босатуды сұрағанын хабарлаған едік.
Жіберіп алмаңыз:
Шымкентте әйелі күйеуінің өз туған қызын зорлап жатқан жерінен үстінен түскен
Облыс әкімімен бас қосқан кездесуде Мұхтар Шаханов ұйықтап қалды
Неміс маманы Рахат Әлиевтің кісі қолынан қаза тапқанын жариялады