Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Премьер-Лигасында ойнаған футболшы қаза болды

қаза болдыФото:Kazfootball

Қазақстан Премьер-Лигасының бірнеше клубында ойнаған Лайонель Адамс өмірден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Белгілі болғандай, футболшы Мәскеу маңындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен құлап кеткен.

Mash na Sport порталының хабарлауынша, футболшының анасы оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді және оған қастандық жасалған болуы мүмкін екенін айтуда.

Ал достары футболшының жауапсыз махаббаттан өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін деп болжайды. Алайда марқұмның анасы Лайонельдің қызы болмағанын жеткізген.

Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар мен тергеу комитетінің қызметкерлері қайғылы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін де футболшыға белгісіз адамдар шабуыл жасағаны. Бұл қайғылы оқиға "Динамо" клубының қақпашысы Тимур Магомедовтің үйінде болған. Адамс желтоқсан айында да сол үйде болған кезде 10 адам шабуылдаған.

Лайонель Адамс 2020–2022 жылдары Қазақстан Премьер-Лигасында "Каспий" және "Тұран" командаларында ойнаған, ал 2023–2025 жылдары "Жетісу" және "Шахтёр" құрамында өнер көрсеткен.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 15 Қаңтар, 2026 16:27