Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан полицейлері 2017 жылы алатаяқ ұстамайтын болды

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ішкі істер қызметкерлері көліктерді тоқтату үшін алатаяқ қолданбайтын болды.

20161229110152

Бұл туралы ҚР ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

«Халықаралық талаптарға сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ішкі істер органы қызметкерлері көлік тоқтату құралын пайдаланбайды. Көліктер тек қолдың ишарасымен бір уақыттағы қатар соғылған ысқырықпен немесе көлікке орнатылған дабылмен тоқтайтын болады. Сондай-ақ автопатрульдеу жүйесі де қолданылады», – делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігінің құқық қорғау органдарын модернизациялау аясында ІІМ жол жүру қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық тәжірибені меңгерді. Еуропа елдерінде жол полиция қызметкерлері таяқ ұстамайды.

Жол жүру ережесін бақылау үшін бейнебақылау камералары мен видеотіркеу орнатылады.

Жіберіп алмаңыз:

Доллар бағамы 280 теңге: Сарапшылар 2017 жылы Қазақстанда болатын өзгерістерді болжады

Қазақстандық шенеуніктердің жалақысын 2 есеге арттыру туралы ұсыныс жасалды

Алматылық полицейлер көлікті тұрақтан өткізіп жіберген жүргізушіні мазақ қылды (видео)

Талқылау