Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның өз әлеуметтік желісін құруға қауқары жетпейді – Министр

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев Қазақстанның өзінің әлеуметтік желісін құру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Министрдің айтуынша, Қазақстанда мұндай әлеуметтік желі пайда болуы үшін үлкен ресурстар қажет.

"Әлемде 200-ге жуық мемлекет бар. Ал әлеуметтік желілер саусақпен санарлық. Әр ел өзінің әлеуметтік желісін, өз мессенджерін құруға ынталы емес. Мұндай технологияны жасау, технологиялық және ақпараттық жағынан қауіпсіз ету, бәсекеге қабілеттілігін дамыту орасан зор ресурстарды талап етеді. Платформа қауіпсіз болмаса, оны кім пайдаланады?", – деді министр. 


"Мұның бәрі нақты орындаушысы бар қылмыс": Депутат суицид деректерінің көбеюіне қатысты дабыл қағып, әлеуметтік желілерді бұғаттауды талап етті


Сондай-ақ министр бұған дейін Қазақстанда әлеуметтік желі жасауға тырысқандарын атап өтті.

"Елімізде жеке әлеуметтік желілерді құруға талпыныстар болды, бірақ әзірге сәтті аяқталғандары жоқ. Бұл даму мен қауіпсіздікке қажетті орасан зор ресурстарды инвестициялауға дайын жеке бастама болуы керек деп есептеймін", – деді министр.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда Telegram-ның кеңсесі ашылатыны туралы жазған едік.

Талқылау