Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан нарығына Soueast отбасылық кроссоверлердің автомобильдік бренді шығуда

Фото: ArtTaspa

Ынтымақтастық шеңберінде Қостанай қаласындағы Allur зауытында Soueast автомобильдер өндірісі басталды, бұл Қазақстанда автомобиль индустриясын дамыту жəне жергіліктендіруді кеңейту үшін маңызды қадамға айналды.

"Стратегиялық келісімге қол қою жəне Қостанайдағы Allur алаңында Soueast автомобиль өндірісін бастау дамудың жаңа сатысын ашады. Біз отбасы мен адам қажеттілігіне бағытталған кроссоверлердің заманауи бренд нарығына шығарамыз. Soueast автомобильдері технологиялар, қауіпсіздік пен қолайлылық үйлесімінің арқасында қазақстандық нарықта лайықты орынға ие болады деген сенімдеміз", – деп Allur компаниясында атап өтті.

Фото: ArtTaspa

Қол жеткізген келісімдерге сəйкес 2026 жылдан бастап Қазақстандағы Soueast ресми дистрибьютері бүкіл елде дилерлік желіні дамытумен айналысады. Келесі қалаларда дилер орталықтарын 2026 жылдың екінші тоқсанында ашу жоспарланып отыр: Астана, Алматы, Шымкент, Қостанай, Тараз, Қарағанды, Көкшетау, Өскемен жəне Атырау. Қазіргі таңда бренд стандарттарына сəйкес дилер кəсіпорындарын дайындау жүргізілуде.

Клиенттерге кроссоверлердің бірнеше үлгілерінен тұратын топтама қолжетімді болады. C-SUV сегментінде Soueast 06 жəне Soueast 07 үлгілері, ал D-SUV сегментінде - Soueast 09 үлгісі ұсынылған. Бұл автомобильдерде заманауи дизайн, технологиялық, қауіпсіздіктің жоғарғы деңгейі жəне бүкіл отбасының қолайлығы жинақталған.

Фото: ArtTaspa

Бренд туралы

Soueast – адамдарға жəне олардың өмір жолындағы таңдауына бағдарланған отбасылық жəне өршіл автомобильдік бренд.

1995 жылы негізі қаланған компания Қытайдағы алғашқы автомобиль кəсіпорындарының бірі болды.

2004 жылы компания өзінің ғаламдық бизнесін дамыта бастады. Халықаралық нарықта жұмыс тəжірибесі 30 жылдан асады.

Сатылымдардың жалпы көлемі:1,57 миллион бірлік.

Фото: ArtTaspa

Soueast үлгілер қатары

Бренд өмірдің түрлі сəттеріне бағдарланған, бірақ қолайлылық, сенімділік жəне пайдаланудағы жеңілдіктің ортақ философиясымен біріккен кроссоверлер топтамасын ұсынады.

Үлгілер SUV-C жəне D-SUV танымал сегменттеріне жатады – бұл қала жағдайында ептілік пен қала сыртына шыққандағы жайлылықтың жоғарғы деңгейін біріктіретін заманауи кроссоверлер. Мұндай пішім белсенді қала тұрғындары мен отбасы арасында ерекше қажет.

Автомобильдер таңдалған үлгіге жəне пайдалану сценарийлеріне байланысты қуаттың, динамиканың жəне жанармай тиімділігінің оңтайлы теңгерімін қамтамасыз ететін 1.6 жəне 2.0 заманауи турбиналық қозғалтқыштарымен жабдықталған.

Фото: ArtTaspa

Топтама бір 5-орындық жəне екі 7-орындық үлгіден тұрады, бұл күнделікті қала өмірі мен толыққанды отбасы сапарларына дейін - өмір салтына жəне қажеттіліктерге байланысты автомобильді таңдауға мүмкіндік береді.

4WD толық жетекті жүйе кез келген ауа-райы жағдайында – жаңбыр, қар немесе қала сыртындағы бағыттар болса да, жолда сенімділікті арттырады. Автомобильдер бүкіл отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тұрақтылық пен бақылауды сақтайды.

8-сатылы автоматты берілістер қорабы жиі тоқтап, жеделдетіп жүруді талап ететін қала қарқынында ерекше маңызы бар қалыпты ауыстыру, ыңғайлы басқару жəне қуатты тиімді таратуға кепіл береді.

Брендті жайғастыру негізінде – артық қиындықсыз өмір үшін жасалған қалалық кроссовер. Автомобиль жұмыс, отбасы мен жеке уақыт арасындағы теңгерімді сақтауға көмектесетін қазіргі заманғы адамның қарқынына үйлесімді келіседі. Бұл жай ғана орын ауыстыру құралы емес, күнделікті өмірді жайлылыққа, мəн-мағынаға жəне шабытқа толтырып, жеңілдететін құрал.

Фото: ArtTaspa

Брендтің үлгілер қатары үш өзекті бағытпен ұсынылған:

  • Soueast 06 - сəн мен даралықты бағалайтын жастар қауымына бағытталған. Заманауи дизайн, өзекті пішіндер мен айқын сыртқы түрі автомобиль иесінің мінезін сипаттайды.
  • Soueast 07 – дұрыс таңдауда сенімділікті іздейтіндерге арналған əмбебап шешім. Автомобиль қала ортасында да, отбасы сапарларда да кеңістік, сенімділік пен қолайлылықтың оңтайлы үйлесімін ұсынып, бірдей жайлы болып табылады.
  • Soueast 09 – тыныштықты, мəртебе мен жақындарына деген қамқорлықты бағалайтындар үшін жасалған. Жайлылықтың, сыйымдылықтың жəне ойластырудың ең жоғарғы деңгейі отбасының өзекті қажеттіліктерін артық қиындықсыз жабуға мүмкіндік береді.

Осылайша, бренд автомобильді иеленудің жаңа философиясын қалыптастырады:

Soueast – адамды өмірдің түрлі сатысында жайлылық, технологиялар мен сенімділікті ұсына отырып, сүйемелдейтін отбасылық технологиялық бренд. Біз тарих орталығына автомобильді емес, адамды қоямыз. Əр адам – өз тарихының батыры. Ол шешімдер қабылдайды, бағыт таңдайды жəне өз отбасымен бірге алға жылжиды. Soueast автомобильдері дұрыс таңдау жасауға көмектесіп, алға қозғалысты жеңілдетіп, осы жолдың бір бөлігіне айналады.

Дана Русланқызы
Жұма, 20 Наурыз, 2026 22:11