Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан өту үшін екі ел азаматтарына паспорт керек болмауы мүмкін

Өзбекстан президентінің сыртқы саясат мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Абдулазиз Камилов Қазақстан мен Өзбекстан тарапы екі азаматтарының мемлекеттік шекарадан ұлттық жеке куәлік (ID карта) арқылы өтуіне рұқсат беру мәселесін талқылап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі UzA порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Ақорда

Абдулазиз Комилов Астана қаласында өткен Орталық Азия елдері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі аймақтағы барлық елдердің кейінгі алты жылдағы кезекті төрағалығының нәтижесін символды қорытындысы болғанын атап өтті. Бұл формат мемлекетаралық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастап бергенін айтты.

"Өзбекстан мен Орталық Азия елдері арасындағы шекараны достық пен тату көршілік көпірі деп атауға болады. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Өзбекстан-Қырғызстан шекарасынан өтуде азаматтар ID картаны пайдалануда. Дәл осындай жоба Қазақстанмен де талқылануда", – деп жазады саясаткер өз мақаласында.



Сонымен қатар ол Өзбекстан мен Қазақстан шекараны заңды түрде ресімдеуді толық аяқтағанын, Түркіменстан, Тәжікстан және Қырғызстанмен мемлекеттік шекара делимитацияланғаны, қазіргі кезде елдер арасындағы өткізу бекеттері өз жұмысын қалпына келтіріп, азаматтардың қозғалысы айтарлықтай жеңілдегенін жеткізді.

Бұған дейін Шавкат Мирзиёев Орталық Азия азаматтары үшін ортақ ID-картаны ұсынған еді.

Талқылау