Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Қытайдың сауда айналымы биыл рекордтық деңгейге жетті

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытай Халық Республикасының cыртқы істер министрі Ван Имен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pexels.com

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады, уағдаластықтарды іске асыру барысын қарастырды және өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

"Кейінгі 10 айда екіжақты тауар айналымы 36,5 млрд доллар болып, рекордтық деңгейге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11% жоғары", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ кездесу барысында министрлер энергетикалық қауіпсіздік, жасыл экономика, өнеркәсіптік ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимыл және өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударды.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, оның ішінде білім алмасуды кеңейту, ғылыми зерттеулерге қолдау көрсету және бірлескен мәдени іс-шараларды өткізу келіссөздердің жеке мәселесі болды.

"Қазақстан мен Қытай көрші ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның сын-қатерлерін бірлесіп жеңуге және өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті стратегиялық әріптестер", – деді Марат Нұртілеу.

Ван И Қытай Қазақстанмен достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын және оны одан әрі тереңдетуге ұмтылатынын атап өтті.

Талқылау