Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері екі күнге жабылады

Мерекеге байланысты Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері екі күнге жабылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресей Федералдық кеден қызметінің өз азаматтарына берген мәліметінше, шектеулер автомобиль өткізу бекеттеріне де қатысты болады.
“Шекара бекеттерінің жабылуына себеп – Қазақстанның Тәуелсіздік күнін мерекелеу. 16 және 17 желтоқсанда Қазақстан мен Қытай шекарасындағы келесі автомобиль өткізу бекеттері жұмыс істемейді”, – делінген жазбада.
Нақты айтқанда:
- "Бақты" (Абай облысы);
- "Майкапшагай" (Шығыс Қазақстан облысы);
- "Достық" және "Нұр жолы" (Жетісу облысы);
- "Қольжат" (Алматы облысы) жұмыс істемейді.
"Достық" және "Алтынколь" теміржол өткізу бекеттері қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды