Қазақстан мен Бельгия арасындағы ойын тең есеппен аяқталды
Фото:Kff_team
Футболдан әлем чемпионатының 2026 іріктеу турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Бельгия құрамасына қарсы матч өткізіп, ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ойын алғашқы минуттан-ақ тартысты басталды. Матчтың 8-минутында Дастан Сәтпаев қарсыластың қорғаныс шебін бұзып өтіп, гол соқты.
Осылайша ол ұлттық құрама сапында гол соққан ең жас футболшы атанды. Бұған дейін бұл рекорд Еркебұлан Сейдахметке тиесілі болған. Тараз түлегі 18 жас 1 ай, 19 күнінде гол соққан еді.
Ал екінші таймның 48-минутында Бельгия құрамасынан Ванакен гол соғып, есепті теңестіріп кетті.
Матчтың 80-минутында Ислам Чеснаков қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Тартысқа толы ойында Бельгия Қазақстанның қақпасына бірнеше мәрте қауіпті соққылар жасады. Дегенмен Темірлан Анарбеков қарсыластың добын сәтті қайтарып, ойынның басты қаһармандарының біріне айналды.
Нәтижесінде он ойыншымен қалған Қазақстан құрамасына Бельгия еш қарсылық көрсете алмады. Есеп 1:1
Авторы:Ақерке Өмірхан
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді

