Қазақстан мектептерінде жаңа қызмет пайда болмақ
Отандық мектептерде педагог-профориентатор деген жаңа қызмет пайда болмақ. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штатына енгізілген өзгерістер "Ашық заңды және заңды тұлғалар" сайтында жарияланды. Десе де еліміздің көптеген мектептерінде педагог-профориентатор мамандар жұмысын бастап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Ru.freepik.com
Педагог-профориентатор балаларға болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі. Ақмола облысындағы екі мектепте мұндай мамандардың жұмыс істеп жатқанына екі жылдай уақыт болған.
“Негізінен мектептерде кәсіптік бағдар беру маманының жұмысын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері істейді. Кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес сыныптан тыс іс-шаралар, экскурсиялар, ата-аналардың шақыруымен сынып сағаттары, көрмелер, түрлі байқаулар өткізіледі”, – дейді Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Сәуле Төлемісова.
Ирина Терентьева мектепте 28 жыл бойы педагог-психолог болып жұмыс істесе, соңғы екі жылда педагог-профориентатор қызметін атқарып келеді. Балалармен және олардың ата-аналарымен әңгіме жүргізеді, облыстағы колледждер мен жоғары оқу орындарына экскурсиялар ұйымдастырады.
Келер жылдан бастап бейіндік сыныптарды енгізу жоспарланып отыр. Оқушылар кәсіптік-техникалық колледждерге барады. Кейін балалар оқуды бітірген соң курстардан өткені жайлы сертификат немесе куәлік алады. Атап айтқанда, аспаз немесе жүргізуші деген секілді.
“6-сыныпта біз қызығушылық картасы арқылы диагностиканы бастаймыз. Бұл әр мектепте 7-сыныптан бастап өткізіледі. Сонда вариативті сағаттарды таңдауға болады”, – дейді мұғалімнің өзі.
Қазақстандықтар мамандық таңдауда балаларына жан-жанжақты қолдау көрсететінін айтты.
“Балаларыма үнемі бір нәрсені айтамын: таңдауың қандай болса да, мен сені қолдаймын. Ең бастысы бұл мамандық саған ұнау керек. Ол сенің қарым-қабілетіңе сәйкес болу қажет. Сол салада сен өсіп, дамуға ұмтылуың керек”, “Өзі не қаласа соны оқиды. Қайда оқып, жұмыс істегісі келсе де таңдауын қолдаймын”, “Баламның техникаға қызығушылығы барын байқадым. Ол құрылыс жинақтарын, заттарды бұрауды, бұрағышпен жұмыс істеуді жақсы көреді. Өз қолымен қызық дүниелер жасап шығаратындай техникалық мамандық таңдайда деп ойлаймын”, – дейді сауалнамаға жауап бергендер.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы "Еңбек KZ" базасында "Mansap kompasy" тегін платформасын енгізді. Оқушылар платформадан әртүрлі мамандықтар туралы ақпарат ала алады. Сонымен қатар жасанды интеллект баланың жеке сәйкестендіру нөмірі мен мектептегі бағасын негізге ала отырып, оның бейімділігін анықтап, түрлі мамандықтар ұсынады.
Бұған дейін қазақстандық мұғалімнің TikTok-та ең мықты контент жасаушылардың тізіміне кіргені туралы жазған едік.