Қазақстан мектептерінде педагог-профориентатор қызметі ресми түрде бекітілді
Қазақстандық мектептерде енді балаларға болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін педагог-профориентатор мамандар ресми түрде жұмыс істейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ru.freepik.com
Педагог-профориентатор қызметінің енгізілуі мектеп оқушыларына ерте кәсіби бағдар беру жүйесін қалыптастыруға және білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Педагог-кәсіптік бағдар берушілер:
- Оқушыларға білім беру және кәсіби жолын таңдауда бағыт-бағдар береді;
- Жеке және топтық кеңестер өткізеді;
- Кәсіптік бағдар беру іс-шараларын ұйымдастырады;
- Жұмыспен қамту орталықтарымен, колледждермен және кәсіпорындармен өзара әрекеттеседі;
- Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен үрдістер туралы оқушыларға ақпарат береді.
“Жаңа лауазымның енгізілуі оқушылардың саналы әрі дұрыс кәсіптік таңдау жасауына көмектеседі, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, еңбекке бейім, білікті және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін отандық мектептерде педагог-профориентатор деген жаңа қызмет пайда болатыны туралы жазған едік.
Талқылау