Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар Қазақстан заңнамасынан әлемдегі ең қатал жазаны тапты

Мәжіліс депутаты Николай Арсютин ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің атына сауал жолдап, елде мас күйде көлік жүргізгендерге қатысты жазаны жеңілдету жөнінде бастама көтерді. Олар қазіргі заңнамадағы жазаны “әлемдегі ең қатал” деп бағалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

көлік сток

Фото: Depositphotos/HayDmitriy

Мәжілісмен қолданыстағы заңнамада көрсетілген 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру және 15 тәулікке қамау жазасы тым қатаң деп мәлімдеді. 

“7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру – әлемдегі ең қатаң жазалардың бірі, бірақ өзге жағдайларды есепке алмайды. Мысалы, жол апатының тіркелмеуі, алкогольдің аз мөлшерде анықталуы. Ең бастысы, мұндай қатал жаза тағайындауға медициналық қорытынды себеп болады”, – деді ол. 

Николай Арсютиннің сөзінше, бұл жазаның кесірінен курьерлер, такси жүргізушілері жұмыссыз қалып, отбасын асырай алмай жатыр. Сондықтан жарты миллионға жуық адам тер төгетін такси мен жеткізу қызметі үшін үлкен мәселеге айналды дейді. 

“Аталған бап енгізілгелі 200 мыңнан аса адам жауапқа тартылды. 2022-2024 жылдары тіркелген жол апатының саны 62 317, соның ішінде алкогольді ішімдік ішіп апат жасағандар саны 1 266. Германия, Франция, АҚШ пен Ресейде жазаның жеңілірек түрі қарастырылған. Осы тұста ішкі іштер министрлігіне келесі сұрақ туындайды: мұндай қатаң шара қабылдауға негіз бар ма? Бәлкім, куәландырудың нақты ережесін жасайтын уақыт келген шығар. Сонда әр адам зертхана таңдау құқығына ие болып, қайта тексерілуге мүмкіндік алар еді”, – деді Арсютин.

Талқылау