Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстан "мамбеттерімен" танымал": Желіде қазақстандықтардың ар-намысына тиетін жазба қалдырған қарағандылық кәсіпкер қамалды

Алика Мұхамедиева қазақ тілділерді қорладыФото: a13941980 парақшасынан

Желіде қазақстандықтардың ар-намысына тиетін жазба қалдырған кәсіпкер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алика Мұхамадиеваның ұсталуына, "Қазақстан несімен танымал?" деген сауалға "мамбетами" деп жауап беруі себеп болған. Сондай-ақ ол қазақ тілінде сөйлеуді талап ететіндерді мазақ етіп, мемлекеттік тілді "полукалбитский диалог" деп келемеждеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде күні кеше қарағандылық Алика Мұхамадиева "Швеция IKEA-мен танымал, Финляндия Nokia-мен, Дания Lego-мен, ал "Қазақстан ше?" деген сауалға "Қазақстан өзінің мамбеттірімен танымал" деп жауап берді.

Кейін оның тағы "Әй, мына шалақазақша диалог-ай! Ең өкініштісі, "қазақша сөйле!" деп жанын салып жүрген кейбір қазақтардың ақыры, өздері "осыны қалай бар қазақша аударып берші" деп аралас тілде сөйлеп отыратыны" деген пікірі желіде дау тудырды.

Ал оның осыдан бір апта бұрын жазған пікірінде "Мұсылмандар, сендерді бір емес бірнеше рет байқап жүрмін. Өздеріңді "шошқа секілді" ұстап, дәретханалардың бәрі сендерден кейін шалшық болып, есіктің ұстағыштары да су болып жатады. Қанды ішіп біттіңдер. Осылай үйлеріңде омалған күйі омалып отырыңдар, мүлдем шықпаңдар" деген пікірі де талқыға түсті.

Бұдан бөлек Алика Мұхамадиева Сoffeetaipan компаниясының атынан 2GIS платформасында дау тудырарлық жазба қалдырған.

“Қазір Қазақстанда қазақ тіліне байланысты қарқын алып жатқан "нацистік" трендке қарап отырып, мынаны анық түсіндім. Сіздер қазақ тілі үшін емес, орыс тіліне қарсы күресіп жатырсыздар. Өйткені басқа ешқандай шетел тілі туралы жазбаларда сөз қозғалып жатқан жоқ. Бұл Батыстың үгіт-насихатының қалай жұмыс істеп жатқанын анық көрсетіп тұр. Осыны көріп, туған Қазақстаным үшін қорқамын. Оны Украинаның тағдыры күтіп тұр. Бұдан қашып құтылмайды. Біздің мәдениетіміз бен этикетімізге не болды? Бұл қашан басталды өзі? Автобустан қалай шығу керек екенін түсінбей-ақ қойдым. Себебі есік ашыла салысымен ішке "киіктердің табыны" секілді лап етіп, кіріп кетеді... Шынында, біреу сізді итеріп, дөрекі түрде шығып жатқаны ұнауы мүмкін бе? Ең сорақысы, бұл ашу-ызадан емес, жай ғана инерциямен болып жатқан сияқты”, – деп жазған кәсіпкер.

Осыдан дейін қаржы сарапшысы Айбар Олжай оның үстінен Бас прокуратураға арыз түсірген. Енді оның кінәсі дәлелденсе, 2 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.

"ҚР азаматшасы Алика Мухамадиеваның "полукалбитский диалог" және "мамбеты" деген репликалары ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталғаны байқалды және Қылмыстық Кодекстің 174-бабына келіп тұр. Осыған сәйкес, аталған сөздерді тексеру бойынша Бас прокуратураға арыз берілді. Ертең Бас прокуратураның экстремизм бойынша бөлімін қарап, қажет болса әрі қарай Қарағанды полициясына бағыттайды. Менен ғана емес, басқа да адамдардан арыз түскендіктен, іс барынша статусты болмақ", – деп жазды қоғам белсендісі.

Кәсіпкер кейіннен бүкіл қазақстандықтардан кешірім сұрады.

"Бүгін түнде мүлдем ұйықтаған жоқпын. Тек осы жағдайды, айтқан сөздерімді ойлап, ойланып шықтым. Бұл адамдар үшін қаншалықты ауыр екенін енді түсініп отырмын. Кішкентай қызым мен күйеуіме қарадым, оған да қатты кінәлі екенімді сезіндім. Менің жүрегім қаншалықты ауырып тұрғанын, сіздер елестете алмаймыздар… Мұны сөзбен жеткізу қиын. "Қазақстан осы сөз арқылы танылды" дегенде, бүкіл халықты айтып тұрған жоқпын. Жалпы ешқашан мемлекетті жамандаған емеспін. Өйткені, егер мен осы елде тұрып, осы жерде бизнес жасап жүрсем, бұл елді жақсы көремін деген сөз", – деп Алика ағынан жарылды.

Дегенмен кешірім сұрау көмектеспеген. Себебі полиция тергеуді бастап кеткен.


"Қазақтың жерлерін қайтарсын": Путинге талап қойған жүкті мұғалімнің жазасы қоғам наразылығынан соң кейінге қалдырылды


Қазақстандық ер адам әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығамын деп 2 жылға сотталды


Еске салайық, бұған дейін мамырда Алматыдағы "Братский шашлык" кафесі қазақша мәзір сұраған тұтынушы Досғали Әміровке 2GIS қосымшасында "нацист", "фашист" деп жауап бергені үшін қоғамның қатаң сынына ұшырады. Кафе өкілі мемлекеттік тілде қызмет көрсетуге міндетті еместігін ашық жазып, артынан пікірді өшіріп, тұтынушыны бұғаттап тастаған. Бұл әрекет әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырып, дәмханаға бойкот жарияланды. Көпшілік заңға сәйкес, қазақ тілінде мәзір сұрау, тұтынушының заңды құқығы екенін еске салды. Қоғамдық қысымнан кейін кафе ресми кешірім сұрап, мұндай сөздерді жазған қызметкер жұмыстан босатылғанын мәлімдеді.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 21 Шілде, 2025 11:06
Талқылау