Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы жағдай бір қалыпқа түсті
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара бекетіндегі адамдарды және автокөліктерді өткізу процесі жеделдеді.
Фото: Азаттық
Бұл туралы Sputnik Кыргызстан хабарлайды.
Бұған дейін Қырғызстаннан Қазақстан аумағына кіру проблемасы 10 қазаннан басталғаны хабарланған еді. Куәгерлердің айтуынша, шекара бекеттеріндегі кезек тым ұзаққа созылған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 11 қазан күні кешке Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы күшейтілген режим шекара операциясымен байланысты екенін хабарлады.
Сонымен қатар, Қырғызстанның премьер-министрі Сапар Ысқақов та Сочиде өтіп жатқан саммит барысында Нұрсұлтан Назарбаевты шекарадағы ахуал туралы хабардар еткен.
“11:00-ден бастап Қазақстан тарапынан тексеру тездетілді. Қазір адамдар шоғыры тек “Ақ-Жолда” ғана байқалады. Қалған бекеттерде тек транспорттар ғана кезекте тұр”, – деп жазады Sputnik Кыргызстан.
Әзірге “Ақ-Жол” бақылау-өткізу бекетіндегі адамдар шоғыры шамамен 250-ге жуық. “Қордай-автожолы” бекетінің алдында 25 транспорт және жүк көліктері тұр, сондай-ақ, Қырғызстан аумағынан шлагбаумға дейін 200 жүк және жеңіл көліктері тұр.
“Ақ-Тілек” өткізу бекетінде адамдар шоғыры жоқ, алайда 150-ден астам жүк көліктері байқалған. Қазақстандық шекарашылар транспорттарды 30 минут уақытқа жуық тексереді. Ал қалған “Чалдыбар”, “Тоқмақ” және “Чоң-Капка” бекеттерінде азаматтар жоқ. Кезекте 15-50 көлік аралығында тұр”, – дейді агенттік.
Бекетке жақын жерлерде Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігі жылыну, тамақтану үшін палаткалар орнатқан.
Тағы да оқыңыз:
Маңғыстауда күзетшілер 10 жасар қызды жол жиегіне сүйреп бара жатқан ер адамды ұстады
Бұрынғы әйеліне ренжіген Астана тұрғыны оның басынан аяғына дейін айран құйып тастады
Бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің әйелі күйеуінің 3 жылға сотталып кеткенін айтты (видео)
Әр елдегі Facebook қолданушылары желінің жұмысына шағымданды