Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасының олимпиадалық формасы қандай болады

Қазақстан құрамасының олимпиадалық қандай боладыФото: Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов үкімет отырысында Қазақстан құрамасының жаңа олимпиадалық формасын таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол сондай-ақ форманың эскизі бекітілгенін және қазір ол жайында Халықаралық олимпиада комитетімен келісіп жатқанын айтты. Ербол Мырзабосынов форманың бюджеттен тыс қаражат есебінен тігілгенін атап өтті.

Қазақстан құрамасының олимпиадалық қандай боладыФото: Туризм және спорт министрлігі

“Киімдер жинағында спортшылар үшін салтанатты киім, яғни ашылу және жабылу рәсімдеріне қатысуға арналған, сондай-ақ спорттық шаралар кезінде киюге арналған қалың күртеше бар. Министр атап өткендей, жинақ ішінде спортшылардың жаттығу және күнделікті киімі де бар. Олар спорттық жаттығу, қыздыру жаттығулары және күнделікті киюге арналған. Киімдер жинағына барлығы 22 жабдық кіреді”, — деді министр.

Қазақстан құрамасының олимпиадалық қандай болады

Фото: Туризм және спорт министрлігі


"Оқушылардың виньеткасы сияқты": Париждегі Олимпиадаға баратын құраманың формасы қазақстандықтардың сынына ұшырады


Бұған дейін Ербол Мырзабосынов Қысқы Олимпиада ойындарының дайындығына 13,3 миллиард теңге бөлінгені туралы айтқан еді. 

 

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 30 Желтоқсан, 2025 12:23