Қазақстан құрамасының Эйндховендегі халықаралық бокс турниріне қатысатын құрамы белгілі болды

Қазақстан құрамасы Нидерландының Эйндховен қаласында өтетін Eindhoven Box Cup халықаралық турниріне қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дүбірлі дода 6–9 маусым аралығында өтеді, оған әлемнің 30-ға жуық елінен 200-ден астам спортшы қатысады. Айта кетейік, қатысушылар арасында Олимпиада ойындарының қатысушылары, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.
Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) мәліметінше, Эйндховенге мына спортшылар барады:
50 кг: Даниял Сабит
55 кг: Махмұд Сабырхан
60 кг: Ерхан Турдан
65 кг: Ертуған Зейноллинов
70 кг: Абылайхан Жүсіпов
75 кг: Сабыржан Аққалықов
80 кг: Ерасыл Жақпеков
85 кг: Дәулет Тілемісов
90 кг: Сағындық Төғамбай
+90 кг: Нұрлан Сапарбай
Бұл жарыс қазақстандық спортшылар үшін халықаралық деңгейде тәжірибе жинауға және өз шеберліктерін көрсетуге тамаша мүмкіндік болмақ.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

