Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері ҚФФ-да жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Ұлттық құрамалар департаментінің директоры қызметіне экс-футболшы Руслан Балтиевті тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: kff.kz

Балтиев футболдық мансабында “Қайнар”, “Қайрат”, “ЦСКА-Қайрат”, “Аксесс-Голден Грейн” және “Тобыл” клубтарында доп тепті. Сондай-ақ, ол Ресейдің “Сокол”, “Динамо” (Мәскеу), “Шинник” және “Жемчужина” командаларында ойнады.

Руслан футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 72 рет алаңға шығып, 13 гол соқты. 

 

Футболшы спорттық карьерасын аяқтағаннан кейін қазақстандық “Оқжетпес”, “Қайсар” және “Жетісу” клубтарында спорт директоры қызметін атқарды.



2022 жылдан 2024 жылға дейін Руслан Балтиев Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиевтің ассистенті болып жұмыс істеді. Кейін Адиевпен ресейлік “Ахмат” футбол клубының бапкерлік штабында бірге қызмет атқарды.

Талқылау