Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында алғашқы алтын жүлдесін жеңіп алды
Фото: olympic.kz
Қазақстандық жеңіл атлет Дейзи Джепкемей Азия чемпионатында 10 000 метрге жүгіруден алтын медаль иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жарыс 2025 жылы 27-31 мамыр аралығында Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтті.
Джепкемей 10 000 метрлік жүгірудің финалдық сайысында жеңіске жетті. Ол бұл қашықтықты 30 минут 48.44 секундта жүгіріп өтті.
Ал Дейзиден небәрі 12 секундқа қалып кеткен жапондық Ририке Хиронаки (30:58.32) күміс жүлдеге ие болды. Қола жүлдені де тағы бір жапон спортшысы Микуни Яда (31:12.21) иеленді.
Бұл Қазақстан құрамасының Оңтүстік Корея елінде өтіп жатқан Азия чемпионатындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін, Ясмина Токсанбаеваның 20 шақырымдық спорттық жүрісте қола жүлде еншілегенін хабарлаған едік.
Айта кетейік, Дейзи Джепкемей бұған дейін Кения елінің атынан өнер көрсеткен еді. Ол 2018 жылы Қазақстан азаматтығын алып, содан бері Қазақстан ұлттық құрамасын намысын жоғары деңгейде қорғап келеді. 2024 жылы ол Азиядағы 10 000 метр жүгіру бойынша ең үздік уақытты көрсетіп, 30 минут 52,43 секундқа жетті. Сонымен қатар, 3000 метр кедергілермен жүгіру бойынша Азия рейтингісінде үшінші орынға ие болды (9 минут 21,75 секунд).

"Қазақтың ашкөздігі - ашаршылықтан": Психолог ашаршылықтың қазақтарға қалай әсер еткенін айтты
