Қазақстан құрамасы Токиода өткен Сурдлимпиадада 25 медаль еншіледі
Фото:ҰОК
Қазақстан құрамасы Токиода өткен XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында жалпы 25 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 8 алтын, 4 күміс және 13 қола бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осылайша еліміздің спортшылары халықаралық аренада ауыз толтырып айтарлықтай табысқа қол жеткізді.
Сурдолимпиадада Қазақстан үшін ең табысты спорт түрі — дзюдо болды.
Біздің спортшылар бұл жарыста:
• 5 алтын,
• 2 күміс,
• 4 қола жүлде алып, барлығы 11 медаль еншіледі. Осы нәтижемен қазақстандық дзюдошылар командалық есепте көш бастады және турнирдің ең мықты командаларының біріне айналды.
Күресте де Қазақстан балуандары жақсы өнер көрсетті.
Еркін күресте:
• 1 алтын,
• 1 күміс,
• 3 қола.
Грек-рим күресінде ұлттық құрама толық жиынтық – алтын, күміс және қоланы жеңіп алды.
Спортшыларымыз жоғары деңгейдегі бәсекелестікке қарамастан жақсы деңгейде өнер көрсетті.
Жеңіл атлетика: Фаина Мейірманованың тарихи жеңісі
Жеңіл атлетика бағдарламасында Қазақстан командасы 1 алтын және 1 қола медаль алды.
Биіктікке секіруден Фаина Мейірманова 1,79 метр көрсеткішпен чемпион атанып қана қоймай, жарыс рекордын жаңартты. Бұл нәтиже Токио Сурдлимпиадасының ең есте қаларлық сәттердің біріне айналды.
Таеквондодан Қазақстан спортшылары үш қола медаль жеңіп алды. Ал үстел теннисінен ерлер құрамасы командалық есепте қола жүлдеге ие болды.
Бұл жетістіктер Қазақстан құрамасының жан-жақтылығын көрсетіп ғана қоймай қоржынымызды толықтырды.
Токио қаласында өткен XXV жазғы Сурдлимпиада – есту қабілеті төмен спортшыларға арналған ең ірі халықаралық жарыс. Биылғы додаға 81 мемлекеттен шамамен 3000 спортшы қатысып, 21 спорт түрі бойынша 209 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Қазақстан сапында 8 спорт түрінен 78 спортшы бақ сынады.
Ата-анамызды асырауға біз міндеттіміз бе?: Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді

