Қазақстан құрамасы ганболдан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Гандболдан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Делиде (Үндістан) өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Қола жүлде үшін өткен матчта Қазақстан құрамасы Иранмен ойнап, 28:22 есебімен ұтты. Қос команда 2021 жылы да қола жүлде үшін ойнап, ол кезде де қазақстандық гандболшылар басым түскен еді. Осылайша, гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы тарихта екінші рет Азия чемпионатының қоласына қол жеткізді.
Айта кетейік, биылғы Азия чемпионатының финалындада Оңтүстік Корея Жапонияны 25:24 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"

