Қазақстан құрамасы FIFA series 2026 кубогының чемпионы атанды

31 наурыз күні футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында 2026 жылғы Фифа сериясы аясында Комор аралдарына қарсы матч өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тартысқа толы матчта Қазақстан сапынан жартылай қорғаушы Рамазан Оразов алғашқы болып есеп ашты.
Ал екінші таймда ұлттық құрама футболшылары қарқынды үдеткенімен ұпай санын ұлғайта алмады.
Нәтижесінде Қазақстан Комор аралдарын 1:0 есебімен жеңді.
Осылайша Қазақстан құрамасы FIFA series 2026 кубогының иегері атанды. Ал Ислам Чеснаков үздік ойынш атағына қол жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін ұлттық құрама Намибия қарсы матч өткізіп, 2:0 есебімен ұтқан еді.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті