Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы «Еуразия Барысында » Моңғолия балуандарын әупірімдеп жүріп әрең ұтты

Қазақ күресінен Алматыда өтіп жатқан «Еуразия Барысы» турнирінде Қазақстанның бірінші құрамасы Моңғолия балуандарын жеңді, – деп хабарлайды Stan.kz.

Аса ауыр салмақтағы төрт дүркін әлем чемпионы Айбек Нұғымаров Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады.

Нұғымаровқа дейінгі алғашқы жеті салмақта қазақ балуандары мен Монғолия балуандары алма кезек жеңіске жетіп отырды. Ал 100 келіге  дейінгі салмақта Асыл Бәрменов қарсыласына жол беріп, Монғолия балуандары алға шығып кеткен еді.

Мұнан кейін аса ауыр салмақта өнер көрсеткен Нұғымаров есепті теңестіріп қана қоймай, Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады.

Егер есеп тең болса, қай елдің аса ауыр салмақтағы балуандары жеңіске жетсе, сол ел жеңіске жететін еді.

Айта кетсек, қазақ балуандары жарысты ұйымдастырушы ел ретінде екі құраммен сынға түсіп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, «Еуразия барысы» додасында Бразилия, Жапония, Камерун, Грузия, Моңғолия, Түркия, Өзбекстан және Қазақстан балуандары өзара командалық сында бақ сынсуда.

Оқи отырыңыз:

Жақсылық Үшкемпіров пен Нұрсұлтан Назарбаев күш сынасты (видео)

Жақсылық Үшкемпіров жас балуандардың бірін алып жықты

Бахтияр Артаев: Спортта жүрген қандастарымыздың арасында жат ағымдарға ілескендері көп

Елімізге танымал әншіні жат ағымға кіріп кеткені үшін әкесі байлап ұстап отыр

Талқылау