Қазақстан Қытайда дайындалған ұшқышсыз әуе көліктерін жолаушы және жүк тасымалына пайдаланбақ

Қазақстан жолаушылар тасымалы мен логистика саласында eVTOL үлгісіндегі ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қытайға сапары барысында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегация EHang Future City басшылығымен келіссөздер жүргізді. Кездесуге Allur компаниялар тобының өкілдері және қытайлық компанияның президенті Чжао Ван қатысты.
БҚО-да табылған ұшқышсыз аппарат: Полиция құпия бақылау дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр
100-ден астам ұшқышсыз ұшақ Ресей аймақтарына шабуыл жасады (видео)
Тараптар қалалық әуе мобильділігі саласындағы заманауи шешімдерді енгізу перспективаларын, соның ішінде тік ұшып-қона алатын ұшқышсыз ұшу аппараттарын (eVTOL) қолдану мәселелерін талқылады. Мұндай құрылғыларды жолаушылар тасымалы мен логистикасында пайдалану мүмкіндігіне ерекше назар аударылды.
Сапар барысында делегация Юньфудағы EHang компаниясының өндірістік нысандарына барып, компанияның штаб-пәтерін аралады.
Қазақстан Қытайдың пилотсыз авиацияны дамытудағы тәжірибесіне қызығушылық танытып, мұндай технологияларды локализациялау мүмкіндігін зерттеп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан жүргізушісіз жүк көліктері мен жүргізушісіз такси үшін жолдарды дайындап жатқаны туралы жазған едік.
Супермаркеттер желісі қазақстандық өндірістің макарон өнімдерін сөрелеріне қоюдан бас тартты