Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Қытайдан инвестиция алатын елдер тізімінде: Қытай қаржының көп бөлігін қай елдер мен салаларға бөледі?

Қытай 2022 жылдың бірінші жартысында "Бір белдеу, бір жол" бастамасы арқылы Ресейге қаржыландыру мен инвестиция салудан бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Ал Қазақстан аспан асты елінің қаржы бөлетін елдерінің қатарында. Бұл жайлы Шанхайдағы Фудан университетіндегі Жасыл қаржыландыру және даму орталығының есебінде айтылды.

китай 2022

"Сауд Арабиясы Қытай инвестициясының негізгі алушысы болды. Ал Ресей, Шри-Ланка және Египетті қоса алғанда, бірқатар елдер 2022 жылдың бірінші жартысында Қытайдың қатысуынсыз қалды", - делінген баяндамада.

Құжатта көптеген елдерде, соның ішінде Ресей мен Египетте "Бір белдеу, бір жол" бастамасы жобалары арқылы инвестиция мен қаржыландыру 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 100%-ға азайғаны атап көрсетілген.

Баяндама авторлары сонымен бірге 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында "Бір белдеу, бір жол" жобалары аясындағы қаржыландыру мен инвестиция 28,4 миллиард долларды құрағанын, ал 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 29,6 миллиард долларға жеткенін есептеген.



Сонымен қатар, ҚХР басшысы Си Цзиньпин бұл бастаманың басталғанын жариялаған 2013 жылдан бері оның қатысушы елдердегі түрлі жобаларға қаржылық қатысу көлемі 932 миллиард долларға жеткен.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қытайдың қаржыландыруы мен инвестициясы бастаманың 42 еліне бөлінді, 15 ел инвестиция алды, ал 35 елде Қытай инфрақұрылым құрылысына қатысты. Бірінші жартыжылдықта құрылыс көлемі бойынша бірінші орынды Филиппин иеленді, Қытай бұл елге шамамен 3,3 млрд доллар инвестициялады, одан кейін Сербия мен Ирак сәйкесінше бөлінген қаражат 1,9 млрд және 1,5 млрд долларды құрады.

Бир белдеу бир жол 2022

Сонымен қоса 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында бірде-бір көмір жобасы "Белдеу және жол" бастамасы аясында Қытайдан қаржыландыру мен инвестиция алмағаны хабарланды. Бастамаға қатысушы елдердегі мұнай-газ жобалары Қытайдың энергетикаға салған шетелдік инвестициясының 80%-ға жуығын және қытайлық құрылыс келісімшарттарының 66%-ын құраса, жасыл энергетика жобаларын қаржыландыру 22%-ға азайып, шамамен 3 млрд долларды құрады.

"Бір белдеу, бір жол" жобалары үшін инвестиция мен қаржыландырудың 300%-ға айтарлықтай өсуі технология секторында тіркелді.

"Бір белдеу, бір жол" Қытайдың Орталық Азияның, Еуропаның және Африканың 60-тан астам елін байланыстыратын қолданыстағы сауда және көлік дәліздерін жетілдіру және жаңа сауда және көлік дәліздерін құру жөніндегі халықаралық бастамасы болып табылады, ол Қытай мен өзге елдер арасындағы сауда қатынастарын дамытуға жәрдемдесуге арналған.

"Жібек жолының экономикалық белдеуін" қалыптастыру идеясын Қытай Халық Республикасының көшбасшысы Си Цзиньпин бастаған және ол бұл туралы алғаш рет 2013 жылғы қыркүйекте Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Астанада сөйлеген сөзінде айтылған болатын.

Си Цзиньпин өткен жылы "Бір белдеу, бір жол" бастамасы жобалары 2030 жылға қарай әлем бойынша 7,6 миллион адамды кедейліктен алып шығатынын айтқан.

Талқылау