AAPL
173.19 $
0.63 %
TSLA
927.96 $
3.1 %
NDAQ
191.95 $
0.8 %
GOOGL
122.08 $
0.33 %
FRHC
56.08 $
-3.06 %
AAPL
173.19 $
0.63 %
TSLA
927.96 $
3.1 %
NDAQ
191.95 $
0.8 %
GOOGL
122.08 $
0.33 %
FRHC
56.08 $
-3.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ Ресеймен ынтымақтасқаны үшін Қытай компанияларына санкциялар енгізді

АҚШ сауда министрлігі бес қытайлық компанияны Украинада арнайы операция басталғаннан кейін Ресей армиясымен ынтымақтасты деп қара тізімге (entity list) енгізді. Оның қатарында Connec Electronic, King Pai Technology, Sinno Electronics, Winninc Electronic және World Jetta (HK) Logistics бар, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі Financial Times басылымына сілтеме жасап. 

Бұл тізімге енгеннен кейін америкалық тауарларды, сондай-ақ Американың қатысуымен немесе америкалық технологиялар бойынша басқа елдерде өндірілген өнімдерді сатып алуға тыйым салынады. 

"Мұндай шара бүкіл әлемдегі жеке және заңды тұлғаларға қатысты. Егер олар Ресейді қолдағысы келсе, онда АҚШ оларға кедергі келтіретіні туралы нақты құлаққағыс ретінде жасалған", — деді сауда Министрінің орынбасары Алан Эстевес.

Бұған дейін АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан мен Қорғаныс министрі Ллойд Остин қытайлық әріптестеріне Бейжің Мәскеуге әскери көмек көрсетсе, Вашингтон түбегейлі шаралар қабылдайтынын ескертті. Соған қарамастан, АҚШ шенеуніктері ҚХР билігінің Ресейге әскери техниканы жеткізгенін әлі анықтаған жоқ. 

2022 жылдың жазына қарай Ресей Қытаймен сауданың өсуі бойынша АҚШ-ты басып озды. 2022 жылдың бес айында екі елдің сауда көлемі 65,81 миллиард долларға жетті — бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,9 пайызға көп. Сонымен қатар, ҚХР мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 313,57 миллиард долларды құрады — бұл жылдық көрсеткіш бойынша 12,2 пайызға жоғары. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр